$ 455.86  528.84  5.25

«Ол енді өзіне жауап бере алмайды»: Жан Ахмадиев Мадинаны қаралауға қарсылық білдірді (ВИДЕО)

Ол Мадиярды қорғау мақсатында марқұм Мадинаны кінәлау немесе қаралау дұрыс емес екенін айтты.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Блогер Жан Ахмадиев Меркіде қаза болған Мадинаға қатысты әлеуметтік желіде тараған пікірлерге байланысты үндеу жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ол Мадиярды қорғау мақсатында марқұм Мадинаны кінәлау немесе қаралау дұрыс емес екенін айтты. Блогердің сөзінше, қайғылы оқиғаның нақты мән-жайын әлеуметтік желідегі болжамдар емес, жүргізіліп жатқан тергеу мен сараптамалар анықтауы тиіс.

«Мадиярды қорғағыларың келсе — қорғаңдар. Бірақ ол үшін өмірден өткен Мадинаны қаралаудың қажеті жоқ! Ол енді өзіне жауап бере алмайды. Шындықты тергеу мен сараптама анықтасын. Ал Мадинаның аруағын қорлауға жол бермейміз!» — деп жазды Жан Ахмадиев.

Блогер жұртшылықты ресми қорытынды шықпай тұрып асығыс тұжырым жасап, біреуді кінәлаудан бас тартуға шақырды. Сондай-ақ өмірден өткен адамның ар-намысына құрметпен қарау қажеттігін атап өтті.

Айта кетейік, Меркіде қаза болған Мадинаға қатысты әлеуметтік желілерде түрлі ақпарат пен болжам тарап жатыр. Алайда олардың арасында әзірге ресми органдар тарапынан расталмаған мәліметтер де бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0