$ 455.86  528.84  5.25

«Танысудан бас тартқаны үшін»: Алматыда ер адам қызға су шашып, қамауға алынды

Оқиғадан кейін жәбірленуші полицияға хабарласып, көмек сұраған.

Фото: Видеодан скриншот
Фото: Видеодан скриншот

Алматыда қоғамдық орында ер адам бейтаныс қызбен танысуға әрекет жасаған. Алайда қыз оның ұсынысын қабылдамай, танысудан бас тартқан. Бұған ашуланған ер адам қыздың үстіне су шашып жіберген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Оқиғадан кейін жәбірленуші полицияға хабарласып, көмек сұраған. Құқық қорғау органдары ер адамның жеке басын анықтап, оны ұстады.

Жиналған материалдар сотқа жолданып, ер адамға қатысты ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік іс қаралған.

Сот оны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0