$ 455.86  528.84  5.25

Алматыда бір айда екі үшем дүниеге келді

14 тамызда 27 жастағы Мөлдір Советханова үшемнің анасы атанды.

Фото: Алматы  перинаталдық орталығы
Фото: Алматы перинаталдық орталығы

Алматының Перинаталдық орталығында тамыз айында екі отбасы бірден үшем сүйіп, қуанышқа кенелді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 14 тамызда 27 жастағы Мөлдір Советханова үшемнің анасы атанды. Дүниеге келген сәбилердің екеуі ұл, біреуі қыз. Бұл — әйелдің екінші жүктілігі.

Ата-анасы балаларына Айхан, Айбын және Айза деген есім берген. Нәрестелердің туған кездегі салмағы тиісінше 1800, 1480 және 1400 грамм болды.

Мамандардың айтуынша, сәбилерге дер кезінде медициналық көмек көрсетіліп, жағдайы тұрақтандырылған. Олар бастапқыда реанимация және қарқынды терапия бөлімінде ем қабылдап, кейін жоғары тәуелділіктегі нәрестелер бөліміне ауыстырылған. Қазір дәрігерлер олардың жағдайын бақылап, қажетті күтім көрсетіп жатыр.

Екінші үшем 31 тамызда Рахат Бигелдиеваның отбасында дүниеге келген. Сәбилер жүктіліктің 32-аптасында кесарь тілігі арқылы мерзімінен бұрын туған. Отбасы екі қыз және бір ұлмен толықты.

Нәрестелерге Ахмет, Халима және Амина есімдері берілді. Ұлдың салмағы 1998 грамм болса, қыздардың салмағы 1412 және 1347 грамм болған.

Қазіргі таңда үш сәби де реанимация және қарқынды терапия бөлімінің дәрігерлерінің бақылауында. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп, СРАР аппараты арқылы инвазивті емес тыныс алу қолдауы жүргізілуде.

Дәрігерлердің негізгі мақсаты — сәбилердің жағдайын тұрақтандырып, қажетті салмақ жинауына жағдай жасау. Нәрестелердің денсаулығы қалыпқа келгеннен кейін оларды үйлеріне шығару

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#үшем #Алматы