10.09.2026, 10:00

Батыс Қазақстанда жүргізуші екі адамды қағып, оқиға орнына қашып кеткен

Фото: Pixabay

Оқиға 8 қыркүйекте сағат 23:00 шамасында болған.

 Батыс Қазақстан облысының Круглоозерное ауылында екі адамды көлік қағып кетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға 8 қыркүйекте сағат 23:00 шамасында болған.

"Белгісіз жүргізуші екі жаяу жүргіншіні көлікпен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Салдарынан жаяу жүргіншілердің бірі алған жарақаттарынан қайтыс болды, екіншісі ауруханаға жатқызылды", - дейді полицияда.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу келген. Жедел жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде жүргізуші анықталып, көлік табылды.

Күдікті қамауға алынып, автокөлік мамандандырылған автотұраққа қойылды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.