Ойын шотын толықтырудың жалпы сомасы 7,7 млн теңгеден асты.
Жетісу облысында лауазымды тұлғалар құмар ойындарға қатысқаны үшін қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды «24KZ».
Қадағалау актісі бойынша екі лауазымды тұлға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтамағаны үшін қызметінен босатылды, олардың біреуі аудандық бөлімше басшысы.
Жетісу облысы Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау бағытында талдау жүргізіп, жекелеген мемлекеттік қызметшілердің букмекерлік кеңселер арқылы құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу фактілерін анықтады.
Көрсетілген тұлғалар букмекерлік кеңсенің мобильді қосымшасы арқылы жүйелі түрде бәс тіккені анықталды.
Ойын шотын толықтырудың жалпы сомасы 7,7 млн теңгеден асты.
Мұндай әрекеттер мемлекеттік қызметтің абыройы мен беделіне нұқсан келтіреді, сонымен қатар қоғам тарапынан сенімнің төмендеуіне, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің өсуіне әкеледі.
Енгізілген прокурорлық ден қою актісін қарау нәтижесінде тәртіптік комиссияның шешімімен екі лауазымды тұлға атқарып отырған лауазымдарынан босатылды. Олардың бірі - еңбек өтілі 20 жылдан асатын аудандық бөлімше басшысы.