$ 450.91  522.69  5.33

Қарағандыда бала үйдің жанындағы терең шұңқырға құлап кеткен (ВИДЕО)

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері баланы шұңқырдан шығарып, анасына тапсырды.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Қарағандыда бала үйдің жанындағы терең шұңқырға құлап кеткен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлихан Бөкейхан ауданы Чайкин көшесіндегі тұрғын үйдің жанында 1 жасар бала бағана орнату үшін қазылған шұңқырға құлап кеткен.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері баланы шұңқырдан шығарып, анасына тапсырды.

Әрі қарай медициналық тексеруден өту үшін бала жедел жәрдем бригадасына берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0