Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Астанада 27 жастағы әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлады. Кішкентай баланың жасы 2-де еді. Оқиғадан кейін екеуі де қайтыс болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
«Алдын ала мәлімет бойынша, 27 жастағы әйел тұрғын үйдің 15-қабатының терезесінен секірген. Ол ішінде екі жасар бала отырған арбаға құлаған. Алған жарақаттары салдарынан бала да, қыз көз жұмды», – деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта факті бойынша тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.