$ 450.91  522.69  5.33

«Әншілердің де сорақы әрекетін кешірдіңіздер ғой»: Белгілі ақын Мақсат Ақановқа араша түсті

Бұған дейін әлеуметтік желіде Мақсат Ақановтың Шайыр ауылында өткен айтыс кезінде айтқан сөзінен үзінді тараған еді. 

Фото: өзге пікір
Фото: өзге пікір

Белгілі айтыскер ақын Нұрлан Есенқұлов Маңғыстау облысында өткен айтыста айтқан сөзі үшін алты айға айтыстан шеттетілген Мақсат Ақановты қолдап, жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Мақсат Ақановтың Шайыр ауылында өткен айтыс кезінде айтқан сөзінен үзінді тараған еді. Осы видеоға қатысты Нұргүл Хасанова пікір білдіріп, ақынның сөзін сынға алған. Оның айтуынша, айтылған сөз сахна мәдениеті мен айтыс әдебіне сай емес. Осыдан кейін желі қолданушылары да ақынды сынай бастаған.

Нұрлан Есенқұлов Мақсат Ақановтың жағдайын сұрап, онымен сөйлескенін айтты. Ақынның өз қателігіне өкініп отырғанын жеткізген ол, әріптесін кешіруге шақырды.

«...Кешелі бері әлеуметтік желіде Мақсат ағамның Шайырдағы айтысы талқыға түсіп жатыр екен. Тұнып тұрған талант, топтан озған тұлпар ағамның атына небір әңгіме айтылып жатқандықтан, тып-тыныш отыра беруге арым жібермеді. Рас, жазды, жаңылды. Өзіне хабарласып, жағдайын сұрадым. «Ел алдында айыптымын» деп қатты қынжылып отыр. Төл өнерді төрге оздырған бапкер халқым, ауырды жер, серінің еркелігін ел көтереді ғой. Мақсаттай біртуар ақынның ағат қылығына кешіріммен қараңыздаршы. Сахнаға ес-түссіз шығып, бұтына елдің туын байлаған әлгі бір әншілердің де сорақы әрекетін кешірдіңіздер ғой. Мұқағали ақынның Бауыржан Момышұлына: «Ақын болып талай жерді араладым, Жақсыменен жаманды сараладым, Москваны қорғаған батыр аға, Бір ініңді қорғауға жарамадың», – дейтіні бар еді ғой. Қыз-жігіт айтысының озық үлгісін көрсетіп жүрген, сал-серілердің сарқыты бір ақынымызды кешіре алсақ, қорғай алсақ, жарар еді. Мақсатымыз көп емес қой...», – деп жазды Нұрлан Есенқұлов. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0