$ 447.8  516.76  5.3

«Сасық иістен демалу мүмкін емес»: Жезқазғанда тұрғындар бір жеті бойы ашық жатқан шұңқырға шағымданды

Тұрғындардың айтуынша, шұңқырға жағымсыз иісі бар су жиналып, маңайда демалу қиындаған. 

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

 

Жезқазғандағы Ғарышкерлер бульвары, №38 үйдің тұрғындары бір жеті бойы жабылмай жатқан шұңқырға алаңдап отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тұрғындардың айтуынша, шұңқырға жағымсыз иісі бар су жиналып, маңайда демалу қиындаған. Олардың сөзінше, лас су үйдің жертөлесіне ағып кетуі мүмкін. Ашық жатқан шұңқыр аулада жүрген балаларға да қауіп төндіріп отыр.

«Балалар қазылған жерге құлап кете ме деп қорқамыз», – дейді тұрғындардың бірі.

Мәселенің қашан шешілетіні әзірге белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#суқұбыры