15.09.2026, 12:50

ЖИ адамды жұмыссыз қалдыра ма?: Вице-министр жауап берді

Фото: Видео скриншот

Яғни ведомство ЖИ-ді маманның орнын басатын емес, оның жұмысын жеңілдететін құрал ретінде қарастырады. 

Жасанды интеллект адамды алмастырмайды, тек көмекші құрал болып қалады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Үкімет брифингінде Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ғиззат Байтұрсынов осындай пікір білдірді. Алайда технологияның еңбек нарығына ықпалы күшейіп жатқан тұста ЖИ-дің адам орнын қаншалықты басатыны әлі де өзекті мәселе болып отыр.

Вице-министрдің сөзінше, жасанды интеллект жұмыс процесін жылдамдату, атқарылған жұмысты тексеру және көлемді ақпаратты алдын ала сүзгіден өткізу үшін қолданылмақ.

Яғни ведомство ЖИ-ді маманның орнын басатын емес, оның жұмысын жеңілдететін құрал ретінде қарастырады. Байтұрсынов Қазақстанда жасанды интеллектіні дамыту бағыты жалғасатынын да айтты. Қазір бұл салада бірқатар жұмыс жүргізіліп жатыр.

Тегтер: вицеминистр