$ 447.8  516.76  5.3

Маңғыстауда әскери қызметшіге оқ тиіп, қаза болды

Қорғаныс министрлігі тапсырмасымен оқиға орнына Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев бастаған арнайы комиссия жіберілген.

Фото: kursiv.media
Фото: kursiv.media

Маңғыстау облысындағы «Бейнеу» полигонында өткен атыс жаттығулары кезінде әскери қызметші қаза болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Іnformburo31 ақпаратына қарағанда, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қарумен жұмыс істеу барысында оқ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмған.

«Аталған дерек бойынша Батыс өңірінің әскери-тергеу органдары қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», – делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігі тапсырмасымен оқиға орнына Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев бастаған арнайы комиссия жіберілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0