$ 447.8  516.76  5.3

Семейде жолдар опырылып түскен

Оқиға орнын түсірген тұрғын топырақтың аяқ басқан жерден үгітіліп, жол астында қуыс пайда болғанын көрсетті.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Семейдің Восточный ауданында көлік жүріп бара жатқанда жол опырылып, оның бір дөңгелегі шұңқырға түсіп кеткен. 

Оқиға орнын түсірген тұрғын топырақтың аяқ басқан жерден үгітіліп, жол астында қуыс пайда болғанын көрсетті. Абай облысының полициясы бұл аумақта су құбыры желілерін тарту жұмыстары жүргізілгенін мәлімдеген.

Ведомство мәліметінше, құбыр жарылып, су топырақты шайып кеткендіктен жол бүлінген. Енді мердігер компания құбырдағы ақауды жойып, бүлінген жолды қалпына келтіруі тиіс.

Айта кетейік, биыл Восточный кентінде су құбыры желілерін салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Видео: @go_semey_

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#жолдар #Семей