Оқиға Жаңа қала шағын ауданындағы 9-көшеде болған.
Түркістанда түн ішінде 12 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, тұрғындар шұғыл эвакуацияланды. Оқиға Жаңа қала шағын ауданындағы 9-көшеде болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт ғимараттың сыртқы қаптамасынан шығып, жалын 8-қабаттан 11-қабатқа дейін тараған. Құтқарушылар үйден 63 адамды қауіпсіз жерге шығарды, олардың 12-сі – бала.
Өрттің нақты неден шыққаны әзірге анықталып жатыр.
Оқиға орнынан түсірілген видеода жалынның көпқабатты үйдің қасбеті бойымен жоғары қарай тарағаны көрінеді.
Видео: @tugyr.kzz