15.09.2026, 17:15

Түркістанда көпқабатты үйдің қасбеті өртеніп, 63 адам эвакуацияланды

Фото: Видеодан алынған кадр

Оқиға Жаңа қала шағын ауданындағы 9-көшеде болған.

Түркістанда түн ішінде 12 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, тұрғындар шұғыл эвакуацияланды. Оқиға Жаңа қала шағын ауданындағы 9-көшеде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт ғимараттың сыртқы қаптамасынан шығып, жалын 8-қабаттан 11-қабатқа дейін тараған. Құтқарушылар үйден 63 адамды қауіпсіз жерге шығарды, олардың 12-сі – бала.

Өрттің нақты неден шыққаны әзірге анықталып жатыр.

Оқиға орнынан түсірілген видеода жалынның көпқабатты үйдің қасбеті бойымен жоғары қарай тарағаны көрінеді. Видео: @tugyr.kzz