$ 447.88  516.58  5.29

«Өзін қорғауға мәжбүр болды»: Семейде сыныптасын пышақтаған оқушының анасы сұхбат берді

"Бірінші Омар бастады".

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Семейде сыныптасын пышақпен бірнеше рет жаралаған 13 жастағы оқушының жақындары мәлімдеме жасады,  деп хабарлайды Sn.kzақпарат порталы.

Баланың ата-анасы полициядан істің барлық мән-жайын жан-жақты анықтауды сұрап отыр. Олардың айтуынша, ұлы жанжал кезінде өзін қорғауға мәжбүр болған.

Жарақат алған баланың анасы Назигүл Жұмабекова жанжалдың қалай басталғаны туралы өз нұсқасын айтты. Оның сөзінше, жанжалды бірінші болып екінші жасөспірім бастаған.

«Бірінші Омар бастады. Ол баламды пышақпен жаралаған. Бәлкім, балам қорыққаннан не істеп жатқанын өзі де түсінбей қалған шығар. Өзін қорғау үшін пышақпен ұра бастаған. Яғни бірінші Омар бастады, баламды пышақпен жаралады. Содан кейін бәрі осылай болды. Бірақ меніңше, екеуі де кінәлі: Омар да, Дәулет те. Балам кінәсіз деп отырған жоқпын. Оны мен де кінәлі деп есептеймін», – деді Назигүл Жұмабекова.

Оқиға мектептен кейін болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 13 жастағы екі сыныптас ойын кезінде бір мәселеге байланысты келіспей қалып, жанжалдасып қалған. Кейін төбелеске ұласқан жағдай кезінде жасөспірімдер өздері тауып алған пышақты бір-біріне сілтеген.

Қазір оқиғаның нақты қалай болғанын тергеушілер анықтап жатыр.

Екі оқушы да пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Назигүл Жұмабекованың ұлына медициналық көмек көрсетіліп, жарақаттары тігілген. Қазір ол үйінде.

Ал екінші жасөспірімнің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Ол әлі де ауруханада жатыр.

Екі тараптың ата-аналары да істің барлық мән-жайы толық әрі мұқият тексерілуін талап етіп отыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның нақты себептері мен жасөспірімдердің әрекетіне құқықтық баға бермек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0