Air Astana Дубаймен әуе қатынасын қалпына келтіреді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Air Astana 2026 жылғы 1 қазаннан бастап Алматы — Дубай — Алматы және 2026 жылғы 2 қазаннан бастап Астана — Дубай — Астана бағыттары бойынша тұрақты рейстерін қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарады.
Қазан айында ұшу жиілігі біртіндеп көбейеді:
Алматы — Дубай — Алматы бағытында 4 рейстен бастап айдың соңына дейін аптасына 12 рейске дейін. Астана — Дубай — Астана бағытында 3 рейстен бастап айдың соңына дейін аптасына 10 рейске дейін.Әуекомпания Таяу Шығыстағы жағдайды бақылауда және қажет болғанда ұшу кестесін түзетуі мүмкін, сондай-ақ өзгерістер туралы жолаушыларды хабардар етеді.