$ 447.88  516.58  5.29

Қазақстандықтар 2028 жылдан бастап Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істей алады

Бұл мүмкіндік Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы жаңа келісім аясында жүзеге асады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

2028 жылдан бастап Қазақстан азаматтары Оңтүстік Кореяда EPS жүйесі арқылы заңды түрде жұмыс істей алады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл мүмкіндік Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы жаңа келісім аясында жүзеге асады. Құжатқа Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары кезінде екі елдің тиісті министрліктері қол қойған.

Employment Permit System (EPS) бағдарламасы қазақстандықтардың Оңтүстік Кореяға барып, ресми түрде еңбек етуіне жол ашады. Бағдарлама бойынша жұмысшыларға E-9 визасы бастапқыда үш жылға рәсімделеді. Кейін оның мерзімін төрт жыл он айға дейін ұзартуға мүмкіндік бар.

Қазақстан азаматтары Кореяда еңбек етудің бес негізгі бағытын таңдай алады. Олар:

  • өндіріс саласы;
  • құрылыс;
  • ауыл және мал шаруашылығы;
  • балық шаруашылығы;
  • қызмет көрсету саласы.

Осылайша, 2028 жылдан бастап қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға EPS жүйесі арқылы барып, аталған салаларда заңды негізде жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0