Ең алаңдатарлығы – осы жолмен күн сайын мектеп оқушылары жүреді, ал балалар құрылыс көліктерінің арасымен өтуге мәжбүр.
Алматы тұрғыны BI Group құрылыс алаңына қатынайтын ауыр жүк көліктері былтыр жөнделген жолды қайта бүлдіріп жатқанын айтып, шағымданды.
Тұрғынның сөзінше, әкімдік былтыр бұл жолға шамамен 500 мың теңге жұмсаған, алайда қазір ауыр техниканың кесірінен жол қайтадан топырақ пен шаңға айналған.
Ең алаңдатарлығы – осы жолмен күн сайын мектеп оқушылары жүреді, ал балалар құрылыс көліктерінің арасымен өтуге мәжбүр.
Тұрғын көлік өткен сайын көтерілетін қою шаң балалардың көзіне, киіміне түсіп, аллергиясы бар оқушыларға кері әсер етіп жатқанын айтады.
Желі қолданушысы BI Group пен жауапты органдардан құрылыс кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, бүлінген жолды қалпына келтіруді талап етті.
Видео: @sun_star_day