$ 447.88  516.58  5.29

«Немеремді көрсетпеді»: 19 жасында көз жұмған Мадинаның анасы жанайқайын жеткізді (ВИДЕО)

Қайғылы оқиға Қызыл қыстау ауылында болған. 

Фото: Инстаграм
Фото: Инстаграм

Жамбыл облысы Меркі ауданында 19 жасында қайтыс болған Мадина Рашидқызының анасы 10 айлық немересін көре алмай жүргенін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қайғылы оқиға Қызыл қыстау ауылында болған. Марқұмның артында небәрі 10 айлық сәбиі қалған.

Оқиғаға қатысты блогер Жан Ахмадиев әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады. Кадрларда Мадинаның анасы немересін көру үшін құдаларының үйіне барғаны көрінеді.

Алайда марқұмның енесі оған баламен кездесу үшін сот арқылы рұқсат алу қажет екенін айтқан.

Оқиғаға байланысты Жамбыл облысының полициясы қылмыстық іс қозғаған. Қазір Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, не соған ықпал ету») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Құқық қорғау органдары істің барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0