Қазақстандағы iCloud+ қызметінің ең төменгі тарифі айына 499 теңге тұрады.
Apple компаниясы Қазақстанда Apple TV сервисін толыққанды іске қосуды жоспарлап отыр. Сервис іске қосылған жағдайда қазақстандық пайдаланушылар Apple-дің түпнұсқа фильмдері мен сериалдарын айына 499 теңгеден бастап тамашалай алады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Apple TV сервисі Apple Arcade-пен бірге iCloud+ жазылымына енгізілген. Сондықтан бұл қызметтер үшін бөлек төлем жасаудың қажеті жоқ.
Қазақстандағы iCloud+ қызметінің ең төменгі тарифі айына 499 теңге тұрады. Оның аясында пайдаланушыларға 50 ГБ iCloud жады, Apple TV және Apple Arcade сервистері ұсынылады.
Сонымен қатар Family Sharing функциясы арқылы бір жазылымды тағы бес отбасы мүшесімен бөлісуге болады.
Apple Arcade сервисі Қазақстанда бұған дейін де қолжетімді болған. Ал Apple TV сервисі толық форматта елімізде алғаш рет іске қосылмақ. Осы арқылы қазақстандықтар Apple-дің эксклюзивті фильмдері мен сериалдарын көруге мүмкіндік алады.
Компания сервистің нақты іске қосылатын күнін әзірге жариялаған жоқ. Apple-дің ресми сайтында қызметтің мәртебесі «Жуырда» деп көрсетілген.