17.09.2026, 22:30

Үндістанда бес ай бұрын ұсталған танкерде Қазақстан азаматы қалып қойды

Фото: Amirhosein Khorgooi/ISNA/WANA via REUTERS

Жағдайдың егжей-тегжейі Сыртқы істер министрлігінде нақтыланып жатыр.

Үндістанда бес айға жуық уақыт бұрын ұсталған кемеде Қазақстан азаматы қалып қойғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жағдайдың егжей-тегжейі Сыртқы істер министрлігінде нақтыланып жатыр.

 

Басылымның хабарлауынша, мамыр айында Камерун туы астындағы танкер Үндістанның Парадип портында ұсталған. Кеме жүк тиеу операциялары аяқталғаннан кейін оның иесіне қатысты қаржылық талаптар туындағаннан кейін ұсталып отыр. Қазіргі таңда Орисса штатының Жоғарғы сотында іс қаралып жатыр. Сонымен қатар кеменің жағаға тоқтауына рұқсат берілмей отыр.

Ресейдің Калькуттадағы Бас консулдығы басылымға тәркіленген Unity мұнай танкеріне жөндеу жұмыстары қажет екенін және кеме сапарын жалғастыра алмайтынын нақтылады

Кеме бортында 20 Ресей азаматы, сондай-ақ бір Қазақстан азаматы мен екі Египет азаматы бары хабарланды.

"19 тамызда кемеге азық-түлік пен ауыз судың кезекті қоры жеткізілді, капитанның есебі бойынша, бұл қор қыркүйек айының соңына дейін жетеді", - деп мәлімдеді дипломатиялық өкілдік.

 

Тегтер: Үндістан