$ 446.56  512.34  5.3

Екі жыл бұрын салынған жол қайтадан быт-шыт болды: Орал тұрғыны жауапты компанияны іздеп жүр

Тұрғынның айтуынша, №37 үй маңындағы асфальт 2024 жылы төселгенімен, көп ұзамай бүлініп, биыл сәуір айында қайта жөнделген.

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

 

Батыс Қазақстан облысының Зачаган кентіндегі Б. Жаңқадамов көшесінің тұрғындары жолдың сапасына шағымданды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тұрғынның айтуынша, №37 үй маңындағы асфальт 2024 жылы төселгенімен, көп ұзамай бүлініп, биыл сәуір айында қайта жөнделген. Алайда арада бес ай өтпей жол қайта жарылып, асфальттың кей бөлігі үгітіліп кеткен.

Бұл көшемен №9 автобус жүретіндіктен, тұрғындар жолдың жағдайы көлік қозғалысына да қиындық туғызатынын айтып отыр. Шағым иесі мәселені маусым айында округ депутатына жеткізгенін, алайда содан бері жағдай өзгермегенін жазған. Енді тұрғындар жолды салған мердігер компанияның кім екенін және сапасыз жөндеу жұмысына кім жауап беретінін сұрап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#жол мәселесі