$ 446.56  512.34  5.3

Алматыда тротуарды тұрғындар үйінің есігі ашылмайтындай етіп салып кеткен

Әзірге жауапты тараптың бұл жағдайға қатысты түсініктемесі жарияланған жоқ.  

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

 

Алматыда жол жөндеу кезінде салынған тротуар тұрғындарға жаңа мәселе туғызды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Видеодан тротуардың тым биік төселгені сонша, кей үйлердің есігі сыртқа қарай толық ашылмай қалғанын көруге болады. Енді тұрғындар өз үйіне кіріп-шығудың өзі қиындағанын айтып, жұмыстың сапасына наразы. Жол салу кезінде үйге кіреберіс пен есіктің ашылуына жеткілікті аралықтың ескерілмегені байқалады.

Тұрғындар жауапты мекемелерден дұрыс салынбаған тротуарды қайта жөндеп, мәселені шешуді талап етіп отыр. Әзірге жауапты тараптың бұл жағдайға қатысты түсініктемесі жарияланған жоқ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0