$ 448.44  514.81  5.33

23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамынша, республика бойынша жел күшейеді.

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

2026 жылғы 23 қыркүйек, сәрсенбі күні Қазақстанның шығысы, оңтүстік-шығысы және орталық өңірлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Елдің қалған аумағында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамынша, республика бойынша жел күшейеді.

"Түнде және таңертең елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында кей жерлерде тұман түседі", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Сонымен қатар бірқатар өңірде өрт қаупінің жоғары және төтенше деңгейі сақталады.

Өрт қаупінің жоғары деңгейі Павлодар және Қарағанды облыстарында, Абай және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Алматы облыстарының жекелеген аудандарында болжанып отыр.

Төтенше өрт қаупі Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Ұлытау және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары мен Абай облысының жекелеген аудандарында күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0