$ 447.85  513.46  5.31

Қазақстан жол мен энергетикаға 6 млрд долларға дейін қаржы тартпақ

Бұл қаражат көлік, энергетика, денсаулық сақтау және жасыл қаржыландыру бағытындағы жобаларға жұмсалмақ.

Фото: el.kz
Фото: el.kz

Қазақстан алдағы бес жылда Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен шамамен 6 млрд доллар көлемінде ұзақ мерзімді қаржы тартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл қаражат көлік, энергетика, денсаулық сақтау және жасыл қаржыландыру бағытындағы жобаларға жұмсалмақ. Жоспарда «Жезқазған – Қарағанды», «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын», «Атырау – Доссор» автожолдарын дамыту қарастырылған. Сондай-ақ «Мойынты – Қызылжар» теміржолын жаңғырту көзделіп отыр.

Қаржыландыру жеңілдетілген шарттармен тартылып, елдегі ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталмақ. Тиісті келісім күшіне енгеннен кейін тараптар нақты жобалар бойынша жұмысты жалғастырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0