$ 445.65  508.71  5.3

Рөлде бұрынғы полиция қызметкері болған: Меркіде жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

Апат кезінде көлікте болған үш жолаушы әйел де қаза тапты. 

Фото: 24kz
Фото: 24kz

Жамбыл облысы Меркі ауданы Қостоған ауылының кіреберісінде TANK 500 пен ВАЗ-2107 «Жигули» көліктері соқтығысқан жол апаты болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Апат салдарынан ВАЗ-2107 көлігінің тізгініндегі 27 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмды.

Шетелдік көлікті Қостанай облысы полиция департаментінің бұрынғы қызметкері, спортшы әрі көпбалалы ана Сая Әуелбекова басқарғаны белгілі болды.

Апат кезінде көлікте болған үш жолаушы әйел де қаза тапты. 

Аталған фактіге байланысты Жамбыл облыстық полиция департаменті ресми түсініктеме беріп, бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.  Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ жүргізушісі және жол талғамайтын көліктің 3 жолаушысы қаза тапты. Шетелдік көліктің жүргізушісі аудандық ауруханаға жатқызылды. Ол ішкі істер органдарының қызметкері емес. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жалғасуда. Тергеу барысы ПД басшылығының бақылауында. Тергеу нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті процестік шешім қабылданатын болады.  Осы оқиғаға қатысты кеше, 23 қыркүйекте спортшының Инстаграмдағы парақшасында үндеу жарияланды. Сая Әуелбекованың жақындары оның ауыр жағдайда жатқанын айтып, оқырмандардан қолдау көрсетуді сұрады:

Құрметті менің қарындасымның қолдаушылары, қарындасым үлкен апатқа ұшырады. Қазір ауыр қалде жатыр. Өзіне қарама-қарсы шыққан көліктен қашамын деп осындай жағдайға душар болды. Артында қалған 5-бүлдіршіні жетім қалып калмасыншы, барынша қолдауларыңызды сұраймын. Қызымыз ешқашан біреудің ала жібін аттамайтын қазақтың жанашыр қызы екенін білесіздер. Және осындай кезеңде өтірік жала жапқыштарды Құдайға тапсырдық, - делінген хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0