$ 445.65 € 508.71 ₽ 5.3

Маңғыстаудағы қайғылы жағдай: екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды

Жұмысқа тиісті мамандар тартылып, қажетті сот сараптамалары тағайындалды.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза болу жағдайын Үкіметтік комиссия тексеріп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты құрылған Үкіметтік комиссияның отырысы өтті.

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің баяндауынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 453-бабының 2-бөлігі («Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау») және 465-бабы («Кеме жүргізу қағидаларын бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу аясында ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылып, бірқатар тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Жұмысқа тиісті мамандар тартылып, қажетті сот сараптамалары тағайындалды.

Қанат Бозымбаев болған оқиғаның барлық мән-жайын қысқа мерзімде толық анықтап, қайғылы жағдайға кінәлі тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Отырыста қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына ерекше назар аударылды. Премьер-Министрдің орынбасары мемлекет тарапынан оларға қажетті әлеуметтік және материалдық қолдау көрсетілетінін атап өтті.

— Заңда көзделген материалдық көмектен бөлек, көмек көрсеткісі келетін азаматтардан көптеген өтініш түсіп жатыр. Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсететіндерін мәлімдеді. Олардың біреуі қаза болған әр әскери қызметшінің отбасына 25 млн теңгеден бөлді. Сондай-ақ бірқатар ірі бизнес өкілдері де материалдық көмек көрсетуге ниет білдірді, — деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Қанат Бозымбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Маңғыстау облысының әкімдігімен бірлесіп, қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына бағытталған барлық қаражаттың бөлінуінің ашықтығы мен бақылауын қамтамасыз етуді тапсырды. Ол көмектің нақты адресаттарға толық көлемде көрсетілуге тиіс екенін атап өтті.

Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазановтың баяндауынша, оқиғадан кейін медициналық мекемеге жеткізілген әскери қызметшінің жағдайы тұрақты. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, қажетті медициналық көмек көрсетіліп жа

тыр. Отырысқа Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау, Көлік министрліктерінің вице-министрлері, ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары, Бас әскери прокурор және Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысып, баяндама жас

 

ады. Үкіметтік комиссияның жұмысы жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0