Тұрғындардың айтуынша, кейде краннан су бірнеше күн бойы ақпай қалады.
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданындағы Новоузенка ауылының тұрғындары су мен электр жарығына қатысты мәселе көтерді.
Тұрғындардың айтуынша, кейде краннан су бірнеше күн бойы ақпай қалады. Бұдан бөлек, ауылда электрмен жабдықтауда қиындықтар бар екенін айтып, елді мекен маңындағы рұқсат етілмеген қоқыс орындарына да шағымданған.
Жиналған жұрт мәселелерін ауыл әкімі Мейрам Сыздықовқа жеткізгенімен, жарияланған видеода нақты шешім мен мерзім айтылмағаны көрсетілген.
Айта кетейік, Қарағанды облысында электр желілерін жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр, ал «Қарағанды Жарық» желілерінің тозу деңгейі 72,4 пайыз деп көрсетілген.