Қазір ол терапия бөлімінде ем алып, дәрігерлердің тұрақты бақылауында.
Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде болған төтенше жағдайдан кейін облыстық ауруханаға жеткізілген әскери қызметшінің жағдайы тұрақты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қазір ол терапия бөлімінде ем алып, дәрігерлердің тұрақты бақылауында.
Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиғадан кейін ауруханаға жатқызылған әскери қызметшінің жағдайы тұрақты. Бұл туралы Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров мәлімдеді.
— 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында болған қайғылы оқиғаға байланысты әскери қызметшілердің бірі облыстық ауруханаға жеткізілді. Ауруханаға түскен кезде оған барлық қажетті тексерулер жүргізілді. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты. Әскери қызметші терапия бөлімінде ем алып жатыр және медицина қызметкерлерінің тұрақты бақылауында, — деді Бекболат Ізбасаров.