25.09.2026, 16:20

Каспийдегі қайғылы оқиға бойынша ұсталғандар саны артуы мүмкін – ІІМ

Фото: Pixabay

Қазір олар Ақтау қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторында.

Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жалғасып жатыр. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қылмысқа қатысы болуы мүмкін өзге де адамдар анықталуда, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Қазір тергеу аясында оқиғаға қатысы бар және қосымша ұсталуы мүмкін адамдардың шеңбері анықталуда.

Бұған дейін Қорғаныс министрлігінің бес лауазымды тұлғасы ұсталып, қамауға алынғаны хабарланған еді. 

Олардың қатарында Қарулы күштердің Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы, екі әскери бөлім командирі, теңіз жаяу әскерлері ротасының командирі және «Қайсар» катерінің командирі бар.

Күдіктілерге қызметке салғырт қарады және кеме жүргізу қағидаларын бұзу салдарынан ауыр зардаптарға әкеп соққан қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген айып тағылып отыр.

Қазір олар Ақтау қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторында.