25.09.2026, 18:20

Алматы тауларында алғашқы қар жауды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Шымбұлақта қар жауып, ауа райы күрт салқындады.

Алматының таулы аймағында ауа райы күрт салқындап, Шымбұлақта қар жауды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Түнде тауда ірі қар түйіршіктері түскенін жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде жариялаған видеолардан көруге болады.

Кадрларда тау бөктерінің қарға орана бастағаны байқалады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл қыркүйек айындағы алғашқы қар.

Алматыда әзірге ауа райы жылы болғанымен, таулы аймақтарда температураның төмендеуі күздің салқындай бастағанын көрсетеді.

Бұған дейін Алматы және басқа да қалаларда қолайсыз метерологиялық жағдай күтілетіні хабарлаған болатын.