$ 441.88 € 503.61 ₽ 5.24

Үшінші аман қалған сарбаздың аты белгілі болды

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, екі сарбаз да өздігінен жағаға шыққан.

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Аман қалған үшінші әскери қызметшінің аты-жөні жарияланды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, аман қалған үшінші әскери қызметші — Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Никита Удалов. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында, жағдайы қанағаттанарлық, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұған дейін Атырау облысының тұрғыны Бекет Қуандық пен Маңғыстау облысының тұрғыны Ақжол Темірханның аман қалғаны хабарланған еді.

Ақжол Темірхан ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілген. Алайда келесі күні есін жиып, жағдайы тұрақтанған. Бекет Қуандық та дәрігерлердің бақылауында.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, екі сарбаз да өздігінен жағаға шыққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 18
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0