$ 441.88 € 503.61 ₽ 5.24

«Мұнда үнемі жол апаты болады»: Астанада жүргізуші қауіпті жол қиылысына назар аударуды сұрады

Автордың мәліметінше, соңғы аптада бұл жерде екі ірі жол апаты болған, соның бірі 21 қыркүйекте тіркелген.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Астаналық жүргізуші Тұран даңғылынан Марко Поло көшесіне бұрылатын тұста жол қозғалысы дұрыс ұйымдастырылмағанын айтып, мәселе көтерді.

Оның сөзінше, бағдаршамның қосымша секциясы жанғанда көліктер солға бұрылып, Тұран даңғылының қарсы бағытын кесіп өтеді.

Дәл осы кезде дублермен келе жатқан көліктермен жолдары түйісіп, қауіпті жағдай туындайды. «Жол бер» белгісі болғанымен, жүргізуші кей көліктердің оған қарамай, жоғары жылдамдықпен жүретінін айтады.

Автордың мәліметінше, соңғы аптада бұл жерде екі ірі жол апаты болған, соның бірі 21 қыркүйекте тіркелген.

Жүргізуші қауіптің алдын алу үшін дублерге қосымша бағдаршам орнатып, оны Тұран даңғылындағы бағдаршаммен сәйкестендіруді ұсынды.

 

Видео:  @zhaloby.astana

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0