Салдарынан «Лада Калина» көлігін жүргізіп келе жатқан әйел адам оқиға орнында қаза тапты.
Қостанай облысындағы «Алматы – Екатеринбург» автожолының 384-шақырымында «ГАЗель» және «Лада Калина» автокөлікі соқтығысып, салдарынан 2 адам зардап шегіп, 1 адам қаза болды. Полиция осыған байланысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Полиция департаментінің мәліметінше, «ГАЗель» жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, «Лада Калина» көлігімен соқтығысқан. Салдарынан «Лада Калина» көлігін жүргізіп келе жатқан әйел адам оқиға орнында қаза тапты.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып жатыр. Істің барысы мен тергелуі бақылауға алынды. Қостанай облысының Полиция департаменті жүргізушілерге жол қауіпсіздігіне ерекше жауапкершілікпен қарау қажеттігін ескертеді.
«Ұзақ сапарға шығар алдында міндетті түрде ұйқыңызды қандырып, жақсылап демалыңыз. Егер ұйқышылдық басып, шаршағаныңызды сезсеңіз, көлік тізгініне отырмаңыз немесе дереу қауіпсіз жерге тоқтап, демалыңыз. «Қалай болғанда да жетемін» деп жолды жалғастыруға тырыспаңыз. Бірнеше минуттық демалыс сіздің және жолдағы басқа адамдардың өмірін сақтап қалуы мүмкін. Есте сақтаңыз: көлік жүргізу кезінде ұйқымен күресуге болмайды. Ұйқысы қанбаған жүргізуші – көлікті жүргізе алмай қалған жүргізуші сияқты жол қозғалысына қауіп төндіреді. Өзіңізді және жол қозғалысына қатысушыларды қорғаңыз. Шаршаған күйде көлік тізгініне отырмаңыз!» – деп Қостанай облысының Полиция департаменті қатаң түрде ескертті.