Қазақстанда элеваторлардың жұмысына қойылатын талаптар бар, бірақ шаруалардан түсетін шағым әлі де жиі кездеседі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оның сөзінше, әр элеваторда астық сапасын тексеретін зертхана, қабылдау орны және кептіру жабдығы болуы тиіс. Элеваторлардың осы талаптарға сай келуін қазір жергілікті әкімдіктер тексереді, ал министрлік олардың жұмысын қадағалайды. Соған қарамастан, шаруалар элеваторлардағы мәселелерді әлі де көтеріп жүр. Осыдан кейін министрлік биыл арнайы басқарма ашқан, бірақ негізгі сұрақ сол күйінде қалды: талап бұрыннан бар болса, неге проблема осы уақытқа дейін шешілмеген?