29.09.2026, 12:45

Министрлік ет бағасынан қауіп көрмейді, бірақ өңірлерде баға өсіп жатыр

Фото: pixabay

Ауыл шаруашылығы министрлігі ет бағасының күрт қымбаттау қаупін көріп отырған жоқ.  

Бұл туралы вице-министр Назгүл Хатепова Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты. Оның сөзінше, ел бойынша сиыр етінің орташа бағасы шамамен 3 800 теңге, ал жылқы еті 4 300–4 500 теңге тұрады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Министрлік бағаны күн сайын бақылап отырғанын мәлімдеді. Алайда вице-министрдің өзі кей өңірлерде ет бағасы кезең-кезеңімен өсетінін мойындады. Яғни министрлік «күрт қымбаттау жоқ» дегенімен, халық сезіп отырған баға өсімі жекелеген аймақтарда бәрібір байқалып отыр.

Биыл астық көлемі де былтырғы рекордқа жетпейді. Министрлік шамамен 23 млн тонна астық жиналады деп болжап отыр, ал өткен жылы көрсеткіш 27,5 млн тонна болған.