$ 441.77 € 502.38 ₽ 5.23

Үндістан мен Непалда табиғи апаттан 70 адам қаза болды

Құтқару қызметтері су басқан аумақтарда жұмыс істеп, билік гуманитарлық көмек көрсетіп жатыр.

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Қатты жауын-шашыннан кейін Үндістан мен Непалда су тасқыны мен лай көшкіні болып, 70 адам қаза тапты. Үндістанда 56 адам көз жұмса, Непалда 14 адам қаза болды. Тағы 11 адам із-түзсіз жоғалып кеткен,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Reuters мәліметінше, Үндістанның Уттар-Прадеш штатында 25–27 қыркүйек аралығында 66,5 миллиметр жауын-шашын түскен. Бұл өңірдегі қалыпты көрсеткіштен бірнеше есе жоғары.

Үндістанда 46 адам зардап шегіп, мыңнан астам үй бүлінген. Құтқару қызметтері су басқан аумақтарда жұмыс істеп, билік гуманитарлық көмек көрсетіп жатыр.

Непалда елдің 77 округінің 49-ында су тасқыны қаупі жарияланды. Кей өңірлерде өзендер арнасынан асып, сел жүріп, электр және байланыс желілеріне зақым келген.

Сондай-ақ Мананг ауданында Химлунг-Химал тауы маңындағы базалық лагерьді қар көшкіні басып, 10 жергілікті жұмысшы жоғалып кеткен. Таудың биіктігі 7126 метрді құрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0