$ 441.91 € 499.05 ₽ 5.3

Астанада №41 автобусқа міну мұң болды: тұрғындар қосымша бағыт сұрап отыр

Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Астанада №41 автобустың жолаушылары қарбалас уақытта көлікке мінудің өзі қиын екенін айтып шағымданды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тұрғынның сөзінше, таңертең де, жұмыстан қайтатын уақытта да автобус адамға лық толады. Әсіресе Медколледж аялдамасында оқушылар мен студенттердің қоғамдық көлікке кіруі қиындаған. Осыған байланысты тұрғындар №41 бағытындағы автобус санын көбейтуді немесе қосымша маршрут қосуды сұрап отыр. Олар мәселені қала әкімдігі мен қоғамдық көлікке жауапты мекемелер назарға алады деп үміттенеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0