$ 441.91 € 499.05 ₽ 5.3

«25–30 мың теңге жинадық, қатыспасаң тағы 5 мың»: BI Group-тың бұрынғы қызметкері түсініксіз талаптарды айтты

Автор тағы бір жағдайды конференция кезінде болғанын айтады.

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

BI Group-та үш ай жұмыс істеген бұрынғы қызметкер компаниядағы жұмыс тәртібіне қатысты басынан өткен жағдайларды Threads желісінде жариялады. Оның сөзінше, қызметкерлердің түскі үзілісі 12:00-ден 13:00-ге дейін болған, алайда үш әріптес бірге тамақтануға шыққанда оларға ескерту жасалған, ал басқа қызметкерлерге мұндай талап қойылмаған, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Автор тағы бір жағдайды конференция кезінде болғанын айтады. Оның жазуынша, шара басталар алдында қызметкерлер телефондарын тапсырған, бірақ кешкі сағат 17:00 шамасында таңертең таксиде ұмытып кеткен iPad-ы есіне түсіп, телефонын алып, жүргізушіге хабарласу үшін сыртқа шыққан. Құрылғысының табылғанын анықтап, қайта келген кезде HR-директор оны әріптестерінің көзінше ұрысып, «неге мүлде келдің, келмей-ақ қоюың керек еді» деген мазмұнда сөз айтқанын жеткізді. Сол кезде компанияда небәрі бір ай жұмыс істегенін айтқан автор мәселені жеке шақырып түсіндіруге болатын еді деп есептейді және көпшіліктің алдында сөз естігеннен кейін қатты қысылып, жылағысы келгенін жазған.

Бұдан бөлек, оның мәлімдеуінше, 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне арналған шараға қызметкерлерден 25–30 мың теңгеден ақша жиналған, нақты сома қызметкердің грейд деңгейіне қарай өзгерген. Әйел қызметкерлерді концерттік бағдарламаға қатысуға міндеттегенін, ал қатысудан бас тартқандардан қосымша 5 мың теңге төлеу талап етілгенін де жазды. Автордың айтуынша, кей қызметкерлер HR-директордан именіп, бұл талаптарға қарсылық білдіре алмаған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#тұрғын үй