03.10.2026, 07:30

Жаңбыр мен қар жауады: 3 қазанға арналған ауа райы болжамы

Фото: әлеуметтік желі

Сонымен қатар, метеорологтардың мәліметінше, еліміздің бірқатар өңірлерінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қазақстанда ертең, 2026 жылғы 3 қазанда қатты жауын-шашын, дауыл, көктайғақ болып, тұман түседі деп күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі ұсынған болжамда айтылады,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Синоптиктердің нақтылауынша, жауын-шашынсыз ауа райы тек республикамыздың оңтүстік-шығысы мен солтүстік-шығысында ғана сақталады.

"Циклон және атмосфералық фронттар Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райы сипатын анықтайды. Оған сәйкес, еліміздің орталығында нөсер жаңбыр жауса, оңтүстікте найзағай ойнайды, батыста, солтүстік-батыста, түнде шығыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады... Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа желдің екпін алуы жатқызылады, оңтүстікте шаңды дауыл, оңтүстік-шығыста дауыл тұрады, солтүстік-батыста көктайғақ болады, түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі"."Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі

Сонымен қатар, метеорологтардың мәліметінше, еліміздің бірқатар өңірлерінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады:

жоғары өрт қаупі – Атырау, Маңғыстау, Павлодар облыстарында, Абай облысының солтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының шығысында, орталығында, Қарағанды облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында, Ақтөбе облысының шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Алматы облысының шығысында; төтенше өрт қаупі – Қызылорда облысында, Ұлытау облысында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Павлодар облысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігі мен шығысында.