Зардап шеккен екінші адам медициналық мекемеге жеткізілді.
Жетісу облысында Талдықорған – Үштөбе тас жолында жол-көлік оқиғасы болып, бір адам қаза тауып, тағы бір адам жарақат алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Апат автожолдың 21-ші шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылған.
Жолаушылардың бірі оқиға орнында қаза тапқан. Зардап шеккен екінші адам медициналық мекемеге жеткізілді.
Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғап, жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.
Құқық қорғау органдары жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтап, жол және ауа райы жағдайын ескеруге шақырды.