$ 447.73 € 502.98 ₽ 5.35

Қостанайлық ағайындылар ресейлік шоуда әділқазыларды тәнті етті (ВИДЕО)

Нәтижесінде «БРО» дуэтінің өнері ең жоғары бағаға ие болып, 100 ұпай жинады.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Қостанайлық ағайынды Бекболат пен Айдар Жазықпаевтар «Ну-ка, все вместе! Народный кастинг» музыкалық шоуына қатысып, ерекше дуэтімен қазылар алқасын тәнті етті,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ағайынды әншілердің дауыс тембрлері бір-біріне мүлде ұқсамайды. Алайда қосыла ән айтқанда дауыстары үйлесім тауып, ерекше үндестік көрсеткен. Қазылар алқасы олардың бір-бірін сөзсіз түсініп, сезіне білетінін атап өтті.

«Бәлкім, бұл туыстық байланыстың арқасы шығар. Олар бір-бірін жақсы сезінеді», – деп пікір білдірді қазылар алқасының мүшелері.

Нәтижесінде «БРО» дуэтінің өнері ең жоғары бағаға ие болып, 100 ұпай жинады.

Өнер көрсетілімінен кейін ағайынды әншілер өздерін қолдап, жанкүйер болып жүрген барша көрерменге алғыс білдірді.

«Біз мұны жасадық! Бізді қолдаған баршаңызға рақмет!» – деп жазды Бекболат пен Айдар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#Ресей #токшоу