04.10.2026, 20:30

Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шықты

Фото: әлеуметтік желі

Соңғы мәлімет бойынша, өрт оқшауланған. 

Астананың Есіл ауданындағы Сауран көшесінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жіберілді,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

ТЖМ мәліметінше, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері жеткен кезде ғимараттың бірінші қабатындағы пәтердің ішінен ашық жалын мен қою түтін байқалған.

«Өрт сөндіру оқпандары дереу беріліп, өртті толықтай сөндіру үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Үй тұрғындарын эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ», – делінген ақпаратта.

Соңғы мәлімет бойынша, өрт оқшауланған. Тұрғындарды эвакуациялау үшін автосаты мен үш буынды саты қолданылған. Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.