04.10.2026, 22:30

Теміртауда 120 шаршы метрлік нысан өртенді

Фото: ТЖМ

Өрт толықтай сөндірілді. Оқиғадан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. 

Теміртау қаласында жеке сектордағы аумағы 120 шаршы метр шаруашылық құрылыс өртенді. Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері өртті толық сөндірді,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға Электриктер көшесінде болған. Жеке үйге жапсарлас салынған шаруашылық құрылыстың ағаш конструкциялары белгісіз себеппен өртенген.

Құтқарушылар өрт кезінде ғимараттың ішінен сыйымдылығы 50 литрлік тұрмыстық газ баллонын сыртқа шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды. Сондай-ақ тілсіз жаудың маңайдағы екі тұрғын үйге таралуына жол берілмеді.

Өрт толықтай сөндірілді. Оқиғадан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.