Жарияланым авторы «КСК болмаса қиын екен» деп жазып, ауладағы қауіпсіздік мәселесіне назар аударған.
Қарағандыда көпқабатты үйдің ауласында үлкен ағаш құлап, тұрақта тұрған автокөлікке зақым келтірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап, кадрдан ағаш діңі көліктің үстіне түскенін көруге болады. Жарияланым авторы «КСК болмаса қиын екен» деп жазып, ауладағы қауіпсіздік мәселесіне назар аударған.
Пікір қалдырған тұрғындар болса, мұндай жағдайларда жауапты ұйымдардың жұмысына қатысты сын айтты.
Әзірге ағаштың нақты не себепті құлағаны және келтірілген шығынды кім өтейтіні белгісіз. Оқиға бойынша жауапты мекемелердің ресми түсініктемесі жарияланған жоқ.