$ 453.65 € 509.99 ₽ 5.31

Петропавлда жасөспірімге қатысты қылмыс жасаған жұпқа қатаң жаза кесілді

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.  

Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Петропавлда 37 жастағы ер адам мен оның 32 жастағы бірге тұратын әйелі кәмелетке толмаған қызға қатысты сексуалдық зорлық әрекетін жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Сот материалдарына сәйкес, олар Жұмысшы ауылында тұрған. Ер адам кондитер, ал азаматтық некедегі әйелі санитар болып жұмыс істеген. Ерлі-зайыптының екі баласы бар.

Оқиға болған күні ер адамның үйіне туысы 13 жастағы таныс қызымен келген. Кейін жасөспірім зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Қыздың ата-анасы бұл жағдайды білген соң полицияға арызданған. Іс бойынша сот отырысы жабық түрде өткен.

Сот ер адамды кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасағаны үшін кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол жазасын төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Ал оның бірге тұратын әйелі қылмысқа көмектескені үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Сонымен қатар сот жәбірленуші тараптың азаматтық талабын қанағаттандырып, сотталғандарды моральдық зиян ретінде 6 млн теңге төлеуге міндеттеді. Бұдан бөлек, сот сараптамасына жұмсалған 3,6 млн теңге шығын да өндірілетін болды.

Сотталғандардың екі баласына қатысты жеке қаулы шығарылып, оларды қорғаншылық және қамқоршылық органдарына беру тапсырылды.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0