$ 453.65 € 509.99 ₽ 5.31

Астанада бес көлік өртенген оқиға: Бір адам жансақтау бөлімінде жатыр

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Астанадағы тұрақтардың бірінде бес автокөлік өртеніп, салдарынан бір адам жансақтау бөліміне түсті. Оның жағдайы ауыр деп бағалануда, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жәбірленуші туралы не белгілі?

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқас реанимация және қарқынды терапия бөлімінде жатыр.

«Науқастың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде», – деп хабарлады ведомстводағылар.

Не болды?

Өрт 6 қазан күні таңертең Ахмет Байтұрсынұлы көшесіндегі тұрғын үй кешенінің жанындағы ашық тұрақта болды. От бес жеңіл көлікті шарпыды. Қатты желдің салдарынан жалын жақын маңда тұрған басқа көліктерге де лезде тараған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеті минут ішінде жеткен.

Полиция не хабарлады?

Полицияның алдын ала мәліметі бойынша, көліктердің бірін қашықтан оталдыру кезінде электр сымдары тұйықталған.

Куәгерлердің айтуынша, өрт шыққан көлік тіпті орнынан қозғалып кетіп, алдында тұрған «Элантрамен» соқтығысқан. Ал, Hyundai көлігі шамамен жартылай өртеніп үлгерген. Қалған көліктерден тек қана күйеге оранған металл қаңқалар ғана қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0