$ 453.65 € 509.99 ₽ 5.31

«Жемқорлыққа итермелеп отырсың»: Мөлдір Анарбаева күйеуінен сыйлық талап ететін әйелдерге ұрысып тастады (ВИДЕО)

Өзгенің өміріне қызығатын едіңіз ғой, енді олар сіздің өміріңізге қызығады.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Блогер Мөлдір Анарбаева күйеуінен сыйлық талап ететін әйелдерге ұрысып тастады. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

”Әлем өзгеріп жатыр. Өзгенің өміріне қызығатын едіңіз ғой, енді олар сіздің өміріңізге қызығады. Гүл беріп, атқа мініп гүл беріп жатқан талай жұптардың екі жаққа кетіп жатқандарын көріп жатырмыз. Бұл экрандағы өмір басқа, мына жақтағы өмір басқа екенін ұқтырып отыр. Кейбірі сіздің тып-тыныш өміріңізге қызығып жүр. Ал сіз оған қызығып отырсыз. Байыңызға көрсетіп “100 роза ма, 50 роза ма” деп отырсыз. Байыңыз жұмыс жасаймын деп тырбыңдап жатыр. Ал сен оған отырсың оған қызығып, ол гүлді өткізіп жіберген шығар, онда сенің шатағың жоқ. Біреудің әкеліп берген гүліне, айфонына қызығып отырсың. Байың жаман болып қалады ғой деп ойламайсың. Ол ертең жемқор болып саған бірдеңені ұрлап әкеледі. Жемқорлыққа барады, ұсталса не болады? Сен бармайсың түрмеге, анау кетеді. Сен оны жемқорлыққа итермелеп отырсың, істі болып кетсе отырып алып жылайсың. Сен одан да “осылай да бақыттымыз, ешкімнің ала жібін аттама. Ешкімнен ештеңе алма, керек емес. Ішкен жегенім адал болсын” демейсің. Елдің бәрі ондай емес, бірақ осындай шөпжелкелер қаптап кетті”, — деді блогер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0