$ 447.14 € 500.35 ₽ 5.24

«Екі жасар баланы суық балконға қамап отырған»: Петропавлда балабақша қызметкерлеріне қатысты дау шықты

Алайда ата-анасы тергеу нәтижесімен келіспей, істі қайта қарауды талап етіп отыр.  

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

 

Петропавлда ата-аналар жекеменшік балабақша қызметкерлері екі жасар баласын бірнеше рет суық балконға қамап қойғанын мәлімдеді.

Олардың айтуынша, «Знайка» түзету балабақшасына бара бастағаннан кейін бала түнде жылап, мазасызданып, денесінде көгерген іздер пайда болған. Бір күні ата-анасы ескертусіз келгенде, ұлын екі құлыппен жабылған есіктің ар жағында, еденде ұйықтап жатқан жерінен тапқанын айтады.

Кейін дәрігерлер баланың қолы сынғанын анықтағанымен, жарақаттың дәл балабақшада болғаны дәлелденбеген.

Қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылып, бұл шешімді Петропавл прокуратурасы мақұлдаған, ал білім беру органдарының тексерісінен кейін балабақша меңгерушісіне айыппұл салынып, тәрбиеші мен күтуші жұмыстан шығарылған.

Алайда ата-анасы тергеу нәтижесімен келіспей, істі қайта қарауды талап етіп отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#Петропавл