$ 447.14 € 500.35 ₽ 5.24

Алматыда жаңадан төселген асфальт опырылып, көлік шұңқырға түсті: әкімдік жол жөндеу жұмыстарын қалай бақылап отыр?

Қалада қазылған жолдардың қауіпсіздігіне кім жауап береді және мұндай жағдай қайталанбауы үшін қандай бақылау жүргізіледі?  

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

 

Алматыдағы №1 шағынауданда жаңадан төселген асфальт опырылып, жеңіл көлік жол астындағы орға түсіп кетті.

Оқиға су құбырларын жөндеу жұмыстары жүргізілген аумақта болған.

Куәгерлердің айтуынша, бұл жерге асфальт жақында ғана төселген. «Алматы Су» мекемесінің мәліметінше, көлік ордан шығарылып, мердігер компания жүргізушіге келтірілген шығынды өтеуге келіскен.

Қазір бүлінген жол қалпына келтіріліп жатыр, алайда бұл жағдай Алматы әкімдігінің жол жөндеу жұмыстарының сапасын қаншалықты қадағалайтынына қатысты сұрақ туғызады.

Қалада қазылған жолдардың қауіпсіздігіне кім жауап береді және мұндай жағдай қайталанбауы үшін қандай бақылау жүргізіледі? 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0